Хабарландыру «Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Атырау МӨЗ-нан облысқа 2025 жылғы күзгі жиын - терім жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын ұсынады.

Хабарландыру

 

         «Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Атырау МӨЗ-нан облысқа 2025 жылғы күзгі жиын - терім жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын ұсынады.

         Шаруашылық құрылымдарының сұраныстары негізінде дизель отыны көлемі – 188 тонна. Зауыттан жіберу бағасы – 282 306 теңге/тоннасына немесе 232 тенге/литр.

Басқарманың орналасқан жері: Атырау қаласы, Әйтеке би 77, пошталық индексі 060000, телефоны: 8/7122/355031, 87025002202, 87026744095 электрондық мекенжайы: atyrauagro17@mail.ru

Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 8 – 10 шілде аралығында сағат 09:00 ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты 10 шілде сағат 18:00.

Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:

  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;
  • ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;
  • кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
  • әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
  • өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
  • мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама, не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;
  • егін егу жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
  • меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізушілерге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
  • мұнай базаларының орналасу схемасы;
  • тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінің “Виртуалды қойма” модулін қолдану туралы растау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы
жұмыстарына мұнай өнімдерін
бөлудің өңірлік операторларын
айқындау қағидалары
1-қосымша

 

Нысан

 

Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім

  1. _______________________________________________________________

   (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

   атынан __________________________________________________________

       (бірінші басшының не өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

       атынан дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі

      рәсімдерге қатысуға жіберуді сұраймын.

  1. Өтініш беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы ___________________________________________________

      бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________

      мекенжайы: __________________________________________________

      телефон нөмірі (факс), электрондық почта: __________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді _____________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      мекенжайы:_____________________________________________________

      телефон нөмірі (факс), электрондық почта: __________________________

      Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабарлама күні ________________________________________________

      Өтінімге қоса берілетін құжаттардың атауы:

   _________________________________________________________________  

   _____________________________________________________________

  _________________________________________________________________

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

         Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы

_________________________________________________________________

 

                                     Өтінім берілген күн: 20___жылғы________________  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарландыру
Дата публикации
03 июля 2025