«Атырау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Талданатын объект: «Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма). Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8 бабының 2 тармағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2024 жылғы 1 сәуірдегі №67-н «Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы бұйрығы негізінде өткізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құрылды: Ермекқали Ә.С. - Басқарма басшысының орынбасары; Губайдуллин Т.Б. - Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау және несиелендіру бөлімінің басшысы; Қапанов А.С. - Егін шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы; Султангалиев Ж.М. - Мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы; Айжарикова Е.С. - Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы; Шайхиев А.М. - Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау және несиелендіру бөлімінің бас маманы; Жумалиева Р.М. - Әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 28.04.2025 жыл – 28.05.2025 жыл. Талдау кезеңі: 28.04.2025 жыл – 28.05.2025 жыл. 1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығының 25-тармағына сәйкес аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – ААШБ) СМАЖ арқылы "Міндеттемелердің орындалу мониторингі" бөлімінде субсидияланған мал басының сақталу мониторингін жүзеге асырады. Алайда, Қағидада ААШБ субсидияланған мал басының сақталу мониторингінің нәтижесі бойынша басқармаға есептілік ұсыну мерзімі көрсетілмеген.Бұл жағдай мал басының сақталу мониторингіне жүргізілетін бақылау жұмыстарын әлсіретеді. Ұсыным: ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидасына өзгерістер енгізу барысында ААШБ субсидияланған мал басының сақталу мониторингінің нәтижесі бойынша басқармаға есептілік ұсыну бойынша ҚР АШМ-не ұсыныс енгізу. 2. Субсидияланған мал басының бірдейлендіру нөмірінің сырғаларының түсіп қалып ауысқан кезде СМАЖ арқылы "Міндеттемелердің орындалу мониторингі" бөлімінде сырға нөмірлері ауысқан мал басының автоматты түрде көрінбеу фактілері бар. Ұсыным:Бірдейлендіру нөмірі ауысқан субсидияланған мал басының мәліметі СМАЖ арқылы "Міндеттемелердің орындалу мониторингі" бөлімінде автоматты түрде көрінуді қамтамасыз ету бағытында ҚР АШМ-не және бағдарламаның операторына ұсыныс жолдау. 3. Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын қызметкер Султангалиев Жасулан Мутиголлаевич. Аталған қызметкерлердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігінің арттыру бойынша біліктілік арттыру семинарынан өтпеген, яғни сертификатының жоқ екені анықталды. Ұсыным: 1) ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабы 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес аталған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша 3 тәуекел анықталды және 3 ұсыным берілді. Басқарма басшысының орынбасары: Ә.Ермекқали Инвестициялық талдау, экономика және несиелендіру бөлімінің басшысы: Т .Губайдуллин Егін шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы: А.Қапанов Мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы: Ж.Султангалиев Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы: Е.Айжарикова Инвестициялық талдау бөлімінің бас маманы: А.Шайхиев Әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы: Р.Жумалиева
Дата публикации
26 июня 2025