Ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың және асыл тұқымды ұсақ малдың төлін өсіру шығындарын арзандатуға субсидия төленеді!

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ НАЗАРЫНА!

Ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың және асыл тұқымды ұсақ малдың төлін өсіру шығындарын арзандатуға субсидия төленеді!

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларына ағымдағы жылдың маусым айында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларғасәйкес, Ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың және асыл тұқымды ұсақ малдың төлін өсіру шығындарын арзандатуды субсидиялау бағыты енгізілді.

Атап айтқанда, субсидия нормативі 1 бас асыл тұқымды ірі қара малдың төліне  15 000 теңге және ұсақ малдың төліне 4 000 теңге.

Субсидия алуға өтінім қабылдауsubsidy.plem.kz ақпараттық жүйесіарқылыағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) (өтінім өткізілген күннен бастап он екі ай ішінде беріледі)жүргізіледі.

Субсидия алуға қойылатын өлшемшарттар:

  1. Есепке алу нөмірінің болуы.
  2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы,.
  3. Осы шаруашылықта туған, өткізілген асыл тұқымды ірі қара және ұсақ мал басының САТЖАҚ(ИАС )-да және АЖБ (ИСЖ) -да (тарихи мәліметтер) тіркелген болуы.
  4. Өткізу кезіндегі ірі қара мал жасы: қашарлар – 6-18 айды қоса алғанда, өндіруші бұқашықтар – 26 айдан аспайды.

Өткізу кезіндегі ұсақ мал жасы: 4 айдан 18 айға дейін қоса алғанда.

  1. САТЖАҚ-да республикалық палата берген өткізілген мал басының асыл тұқымдық мәртебесінің болуы, сондай-ақ бонитировканың болуы.

Қажетті негізгі құжаттар:

  1. Сатыпалу-сатушартыныңэлектрондық көшірмесі.
  2. Электрондықшот-фактура.
  3. Құнныңтолықтөленгенінрастайтынқұжаттыңэлектрондықкөшірмесі (бақылау-касса аппараттарыныңкіріскассалықордері мен чектерінемесетөлемтапсырмасынемесебанктікүзінді-көшірме).

Субсидиялау мәселесіне қатысты сұрақтар бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне немесе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына    (Тел: 8 (7122) 35-40-73, 35-50-31)  хабарласуға болады.

 

Атырау облысы ауыл шаруашылығы

және жер қатынастары басқармасы

Ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың және асыл тұқымды ұсақ малдың төлін өсіру шығындарын арзандатуға субсидия төленеді!
Дата публикации
23 июня 2025