2025 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (этномофагтарды) субсидиялауға бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналар:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2025 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің  (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына)  арналған субсидиялар нормалары;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2025 жылға пестицидтерді, биоагенттерді (этномофагтарды) субсидиялауға бюджет қаражатыныңкөлемі бекітілсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

                  С. Шәпкенов

Дата публикации
12 марта 2025