Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 81, 84-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «БАРЫС» жауакершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншік құқығындағы Атырау облысы, Жылыой ауданы, «Батыс Прорва» кен орны мекенжайында орналасқан көлемі 1,0 га, кадастрлық нөмірі 04-059-020-163 жер учаскесін пайдалы қазбалардың кен орнын игеру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- 2025 жылғы 10 тамыздан кешіктірмей мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
3.Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
- «Атырау облысы Ауыл шаруашылығ және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №127 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысының күші жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі С.Шәпкенов