Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 28 мамырдағы
№128 «Мемлекет мұқтажы үшін
жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 81, 84-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы №128 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. 2025 жылғы 31 мамырдан кешіктірмей мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.».
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Облыс әкімі С. Шәпкенов