Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, «2024 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары, өтінім нысаны және өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» (өңірдегі сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басына арналған) Атырау облысы әкімдігінің қаулысының жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз.
Аталған қаулы жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін: