2024 жылғы күзгі жиын - терім жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстары

«Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Атырау МӨЗ-нан облысқа 2024 жылғы күзгі жиын - терім жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын ұсынады.

         Бөлінген дизель отыны көлемі – 153,7 тонна. Зауыттан жіберу бағасы  қыркүйек айына – 250 000 теңге/тоннасына.

Басқарманың орналасқан жері: Атырау қаласы, Әйтеке би 77, пошталық индексі 060000, телефоны: 8/7122/355031, 87025002202, 87026744095 электрондық мекенжайы: atyrauagro17@mail.ru

Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 3 – 9 қыркүйек аралығында сағат 09:00 ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты 9 қыркүйек сағат 18:00.

Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:

  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;
  • ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;
  • кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
  • әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
  • өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
  • мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама, не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;
  • егін егу жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
  • меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізушілерге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
  • мұнай базаларының орналасу схемасы;
  • тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінің “Виртуалды қойма” модулін қолдану туралы растау.

2024 жылғы күзгі жиын - терім жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізуші операторларды айқындау комиссиясының өткізілетін орны: ағымдағы жылдың 10 қыркүйек, жергілікті уақытпен сағат 16:00 де, Атырау облысы әкімдігінің ғимараты (комиссия отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны өзгерген жағдайда қосымша хабарланатын болады).

Дата публикации
03 сентября 2024