Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы №265 «Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы №265 «Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы №265 «Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4534 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларыда:

44-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«44. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін осы Қағидаларда белгіленген кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкестігіне құжаттармен ұсынылған өтінімдерді салыстырмалы талдау нәтижелері бар хаттама негізінде Комиссия айқындайды.

келесі мазмұндағы 23-1, 23-2, 44-1 тармақтармен толықтырылсын:

«23-1. Жұмыс органы жергiлiктi атқарушы орган және мамандандырылған ұйымның ресми интернет-ресурсында кәсіпкерлік субъектілеріне өтінімдер беруі үшін күнтізбелік 15 (он бес) күнге дейінгі мерзімді көрсете отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кредит алуға конкурсқа қатысу мүмкiндiгi туралы хабарландыруды орналастырады.

23-2. Барлық келіп түскен өтінімдері жұмыс органымен комиссияның қарауына жіберіледі.

44-1. Жұмыс органы қарау нәтижелері жергілікті атқарушы органның, мамандандырылған ұйымның ресми интернет-ресурсында орналастырады.»                 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.                                                              3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                          С. Шәпкенов

 

Дата публикации
13 августа 2024