Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бөлінген дизель отының бөлу тетігін заңнамалық қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 13 сәуірінде Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының бұйырғына сәйкес Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезінде мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидалары бекітілген болатын.
Бұйрыққа сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін дизель отынының көлемін қалыптастыру және бөлу процестері, сондай-ақ мұнай өндеу зауыттарынан өңірлерге, одан әрі тауар өндірушілеріне дизель отының жеткізу жөніндегі операторларды айқындау тәртібі мен шарттары регламенттелген.
Бұйрықтың талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне квоталарын қалыптастыру және дизель отының өткізу субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде әзірленген модуль негізінде электронды түрді жүзеге асырылатын болады.
2024 жылдың күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемін қалыптастыруға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінішін қабылдау 4-20 мамыр аралығында жүзеге асырылады.
Айта кетейік, дизель отыны бойынша тауар өндірушілері өнімдерін ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін
https://gosagro.kz/auth/login жүйесі арқылы қабылданады. Сондай-ақ, ақпараттық жүйеге кіру электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдану арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.