Атырау облысының шекарасын өзгерту туралы

  1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) ені мен сыртқы шегінесептеп шығару үшін бастапқы сызықтары арасындағы он екі теңіз милі болатын жалпы алаңы 944364 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін.
    2. Атырау облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

     

    Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрі

    О.Бектенов

Дата публикации
20 марта 2024