Хабарландыру

Хабарландыру

 

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы, Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне (бұдан әрі -АШТӨ) бөлінген дизель отынын бөлу тетігін заңнамалық қамтамасыз ету мақстында ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының №137 бұйрығымен Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары,сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидалары (бұдан әрі -Бұйрық) бекітілді.

Бұйрыққа сәйкес АШТӨ үшін дизель отынының көлемін қалыптасыру және бөлу процестері, сондай-ақ МӨЗ-ден өңірлерге, одан әрі АШТӨ жеткізу үшін дизель отынын жеткізу жөніндегі операторларды айқындау тәртібі мен шарттары реглманеттелген.

Бұйрықтың талаптарына сәйкес АШТӨ квоталарын қалыптастыру және дизель отынын өткізу субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (СМАЖ) әзірленген модуль негізінде электронды түрде жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте, Бұйрықтың 2-қосымшасы, 2- тарауының 4-тармағына сәйкес 2024 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемін қалыптстыруға АШТӨ өтінішін қабылдау ағымдағы жылдың 1-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылуы тиіс.

Хабарландырауды ескере отырып, АШТӨ-не өтінімдерін https://gosagro.kz/auth/login жүйесі арқылы жіберуді сұрайды. (Ескертпе: ақпараттық жүйеге кіру электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдану арқылы жүзеге асырылады)

Дата публикации
30 ноября 2023