Информация о стабилизации цен на социально значимые продукты питания.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша насихаттау ақпараты

 

Құрметті әлеумет жүйесін қолданушылар, Атырау облысы Атырау облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы «Атырау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» аукционерлік қоғамы арқылы, «алқаптан сөреге дейін» атты кооперациялық тізбекті дамыту үшін қысқаша ақпарат береді.

Атырау облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы «Атырау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» аукционерлік қоғамы «Айналым сызбасы» арқылы өңіріміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтармен және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін Республикамыздың басқа өңірлерінен тасымалдайтын жеке және заңды тұлғалар үшін 0,01% пайызбен қаражат алуға мүмкіндік бар.

Қаражат алу үшін аталған «Атырау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» аукционерлік қоғамына өз өтініштеріңізді қалдыруға болады.

Тұрақтандыру қорының айналым схемасына қатысу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (кретерии)

Қажетті құжаттар топтамасы :

1) Бөлшек сауданы жүзеге асыратын және меншігінде не жалға алу құқығында азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға арналған қоймамен жарақтандырылған, техникалық талаптарға жауап беретін, облыс аумағында қалыптасқан қазіргі заманғы сауда желілері және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындау мүмкіндігі бар және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда ұйымдары (сауда желілері, сауда үйлері, гипермаркеттер, супермаркеттер) , сондай-ақ жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер, тауарларды көтерме жеткізушілер, наубайханалар және ет өндірушілер;

2) Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктер алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

3) "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінде көзделген тауарлардың атауларын іске асыру;

4) кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реабилитация және (немесе) банкроттық рәсімдері өзгертілмеуге тиіс;

5) Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл және/немесе банк кепілдігі және / немесе сақтандыру шарты және / немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктері/кепілдемелері және / немесе корпоративтік кепілдік түрінде ұсынылады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді;

6) Кәсіпорынның соңғы 3 жылдағы табыстылығы бойынша есеп беру;

  1. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тіркелген төмендетілген бөлшек/көтерме бағаларды белгілеуі арқылы қамтамасыз етіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: мереке күндері мен демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, , сағат 9-00 ден 18:30-ға дейін. (түскі үзіліс сағат 13-00 ден 14:30 дейін.)

Информация о стабилизации цен на социально значимые продукты питания
Дата публикации
24 декабря 2021