2021 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және     өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                        23 қаңтардағы Заңының 27, 37- баптарына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің                 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 болып тіркелген) бекітілген  Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағы 4) тармақшасына, 78-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың)  1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                              М.Досмұхамбетов

2021 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Дата публикации
18 мая 2021