Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 81, 84-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 61,62, 62-2, 63 баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматша Зинаида Сәрсенғазықызы Жубаеваның «Асанғали» шаруа қожалығына шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін 10 (он) жыл мерзiмге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығындағы Атырау облысы,Махамбет ауданы, Бақсай ауылдық округінің аумағында орналасқан көлемі 200,2166 гектарды құрайтын, кадастрлық нөмірі 04-065-017-711 жер учаскесінің 45,123 гектары «Оңтүстік-Шығыс Новобогат» (ернеу үсті) кен орнында көмірсутегі шикізатын өндіру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. 2027 жылғы 10 мамырынан кешіктірмей мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруы жүзеге асырылсын.
3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке бикөшесі, 77ғимарат, «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
4. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енед
Облыс әкімі Б.Ақшолақов