Қазақстанда этносаралық «өшпенділік тілінің» алдын алуға бағытталған «QazNetEtiquette» әдеп кодексі – интернет кеңістігіндегі өзара сыйластық пен әдепті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған маңызды бастама.
Әдеп кодексі қоғам мүшелерін әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарында жауапкершілікпен пікір білдіруге, өзара құрмет пен толеранттылық қағидаттарын сақтауға үндейді.