Қазақстанда этносаралық «өшпенділік тілінің» алдын алуға бағытталған «QazNetEtiquette» әдеп кодексі – интернет кеңістігіндегі өзара сыйластық пен әдепті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған маңызды бастама.
Әдеп кодексі қоғам мүшелерін әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарында жауапкершілікпен пікір білдіруге, өзара құрмет пен толеранттылық қағидаттарын сақтауға үндейді.
Айта кетейік, «QazNetEtiquette» әдеп кодексі «KONRAD ADENAUER STIFTUNG» және «MediaNet» мекемелерімен бірлесіп дайындалған.