Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қазандағы
№212 «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қарашадағы № 412 бұйрығы «Аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қарашадағы № 410 бұйрығы «Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Заңдарына өзгерістер енгізіліп, қайтадан күшіне енді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 406 бұйрығы «Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Заңы қабылданып, жаңадан қолданысқа енгізілді.
Жобаны іске асыру қаражат шығыстарын қажет етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе өзге салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етпейді.
Субсидиялаудың негізгі мақсаты –балық шаруашылығы тауарын ұлғайту мақсатында мемлекет тарапынан қолдау көрсету және сатып алынған азықтардың шығындарын өтеу,аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру,су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын,инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу.
Күтілетін нәтиже –балық өнімдерінің өндіріс көлемінің артуы, балық шаруашылығы өнімділігі өсіп, алынған өнімнің сапасының жақсаруы, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету және балық шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендету, қаржылық тұрақтылығының артуы,өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту болып табылады.
Ол қабылданған жағдайда басқа нормативтік құқықтық актілерді жобаға сәйкес келтіру талап етілмейді.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
Басқарма басшысы А.Саламат