Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2025 жылғы есеп

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2025 жылғы есеп

 

2025 жыл қорытындысы бойынша басқарма тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына талдау жүргізілді. Басқармада барлығы 116 678 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша-174 өтінім, Ветеринариялық анықтамалар беру бойынша-26693 өтінім, басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау бойынша-9 өтінім, тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау  бойынша-54 өтінім, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бойынша-4 өтінім, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау бойынша-211 өтінім, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау бойынша-864 өтінім, ветеринариялық паспорт беру бойынша-87793 өтінім, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау бойынша-14 өтінім, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бойынша-124 өтінім, өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау бойынша-28 өтінім, жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша-44 өтінім, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру бойынша-677 өтінім, акваөсіру, балық өсіру шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы бойынша-2 өтінім қабылданды.

 

Дата публикации
28 апреля 2026