«Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қазандағы №212 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
14-тармақта:
54) тармақша алынып тасталсын;
99-14) және 99-15) тармақшалар келесі редакцияда мазмұндалсын:
«99-14) аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялайды;
99-15) аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялайды;»;
келесі мазмұндағы 99-16) және 99-17) тармақшаларымен толықтырылсын:
«99-16) аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялайды;
99-17) аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялайды;».
Облыс әкімі С. Шәпкенов