GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
16 октября 2026
АЭХА кепілдіктерін Қазақстан Республикасында қолдану сұрақтары бойынша жұмыс тобының жыл сайынғы отырысы (SIRG)

2026 жылғы 15 қазанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) кепілдіктерін Қазақстан Республикасында қолдану сұрақтары бойынша жұмыс тобының жыл сайынғы отырысы өтті.

Іс-шараға АЭХА кепілдіктер департаментінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС, «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС және «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепiлдiктердi қолдану туралы келiсiмнің және Келісімге қосымша хаттаманың шарасында мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру сұрақтары қарастырылды.

Қатысушылар қарастырылған сұрақтар бойынша ойларымен және практикалық тәжірибелерімен алмасты, өзекті міндеттерді және АЭХА кепілдіктерін қолданудағы ұлттық практиканы одан әрі жетілдіруге мүмкін әдістерді белгіледі.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша жұмыстағы одан әрі бағыттар мен ядролық қаруды таратпау бойынша мемлекеттік міндеттерді орындауға бағытталған шаралар анықталды.

06 октября 2026
Астанада АЭС жобалау және қауіпсіздігін бағалау кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша АЭХА ұлттық семинары өтуде

2026 жылғы 5–9 қазан аралығында Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) жобалау және қауіпсіздікті бағалау кезіндегі қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыруға арналған ұлттық семинары өтуде.

Іс-шараға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС-нің, Ядролық физика институтының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының, сондай-ақ Atomic Industry Development Association (AIDA) қауымдастығының өкілдері қатысуда.

Іс-шара Қазақстанда АЭС жобасын іске асыруға дайындыққа байланысты мәселелерге арналған. Бес күнге жоспарланған семинар бағдарламасы АЭС жобасына қатысты негізгі кіріспе ережелерді, жобалау кезіндегі қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ қауіпсіздікті бағалау бойынша практикалық сессияларды қамтиды.

АЭХА-ның қауіпсіздік жөніндегі халықаралық тәсілдері мен стандарттарын талқылау АЭС жобасына қойылатын талаптар мен реттеуші органның оның қауіпсіздігін бағалау кезіндегі міндеттері туралы ортақ түсінік қалыптастыруға бағытталған.

Семинарды өткізу кәсіби тәжірибе алмасуға және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті реттеу саласындағы ұлттық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді.

06 октября 2026
Алматы қаласында радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында «Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы» ЗТБ (бұдан әрі – ЯТҚ ҒТО) «Радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шара АҚШ Энергетика министрлігімен екіжақты ынтымақтастық шарасында Ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық әкімшіліктің Радиологиялық қауіпсіздік офисі (ORS) мен Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қатысуымен және ЯТҚ ҒТО қолдауымен ұйымдастырылды.

Семинарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының 14 өкілі қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты радиоактивті көздерді тасымалдауды жүзеге асыруға жауапты персоналды, оның ішінде жүк жөнелтушілерді, жүк алушыларды, тасымалдаушыларды және ден қою қызметтерін көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеуге дайындауға жәрдемдесу болды.

Семинар барысында қатысушылар радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларға ие болды. Бұл ретте ықтимал сыртқы қатерлерді және көлік қауіпсіздігі деңгейіне әсер ететін факторларды талдауға, сондай-ақ тиісті жоспарларды практикалық әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Семинарды өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіруге және уәкілетті ұйымдардың ықтимал штаттан тыс жағдайларға ден қоюға дайындығын арттыруға ықпал етеді.

Оқытуға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты, атап айтқанда:

  1. Комитет;
  2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК;
  3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК;
  4. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ;
  5. «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ;
  6. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС;
  7. «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС;
  8. «КереметСапаСервис» ЖШС;
  9. «KAP Logistics» ЖШС;
  10. ЯТҚ ҒТО.

Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар берілді.

 

05 октября 2026
Өскемен қаласында радиологиялық қауіпсіздік саласындағы хабардарлық пен ден қоюды арттыру сұрақтары бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылғы 21–25 қыркүйегі аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Дағдарысқа қарсы оқу орталығы базасында «Радиологиялық қауіпсіздік саласындағы хабардарлық пен ден қоюды арттыру» семинары өткізілді.

Іс-шара АҚШ Энергетика министрлігімен екіжақты ынтымақтастық шарасында Ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық әкімшіліктің Радиологиялық қауіпсіздік офисі (ORS) мен Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қатысуымен ұйымдастырылды.

Оқу курсына радиологиялық қауіпсіздік саласында әрекет етуге жауапты лауазымды тұлғалар қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты мамандардың хабардарлық деңгейін арттыру және радиологиялық қауіп-қатерлерге байланысты инциденттерге әрекет етудің практикалық дағдыларын жетілдіру, радиологиялық инциденттер туындаған жағдайда кәсіби білімді және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту болды.

Семинар барысында қатысушылар радиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын, соның ішінде радиациялық қауіптің ықтимал көздерін анықтау, алғашқы ден қоюды ұйымдастыру мәселелерін кеңейтті, ақпараттандыру тәртібін, ден қою кезінде құзыретті органдар арасындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Аталған семинарды өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін және ықтимал радиологиялық инциденттерге дайындық деңгейін арттыруға және олардың алдын алу және ден қою жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқытуға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты, атап айтқанда:

  1. Комитет;
  2. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы;
  3. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті (Абай облысы және ШҚО әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері);
  4. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК;
  5. «Үлбі металлургия зауыты» АҚ.

Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар берілді.

02 октября 2026
Қазақстанда ядролық және радиациялық оқиғаларға жедел мониторинг жүргізу және ден қою орталығы ашылды

2026 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Ядролық және радиациялық оқиғаларға жедел мониторинг жүргізу және ден қою орталығының ашылуы өтті.

Орталық Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің (DOE/NNSA) қолдауымен құрылды.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің және АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің (DOE/NNSA) өкілдері қатысты.

Орталықтың негізгі міндеттері – радиациялық жағдайды мониторингтеу және талдау, жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ ядролық және радиациялық оқиғалар туындаған кезде іс-қимылдарды үйлестіру. Орталықтың жұмысы жедел әрі негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті шынайы ақпаратты уақтылы алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздігінің ұлттық жүйесін нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Оның қызметі ықтимал ядролық және радиациялық оқиғаларға ден қоюға әзірлікті арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететін болады.

Алдағы уақытта Орталықтың техникалық және талдамалық мүмкіндіктерін дамыту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ практикалық жаттығулар өткізу жоспарлануда.

30 сентября 2026
Астанада ядролық төтенше жағдайларға ден қою мәселелері бойынша семинар басталды

29 қыркүйекте Астанада ядролық төтенше жағдайларға ден қою мәселелері бойынша семинар өз жұмысын бастады. Іс-шара 2026 жылғы 1 қазанға дейін жалғасады. Семинар Қазақстан-Америка ынтымақтастығы аясында өткізіледі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ведомстволық ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Бірінші күні қатысушылар радиациялық аварияларға ден қою кезінде рөлдер мен міндеттерді бөлу, ұлттық ден қою жүйесінің жұмыс істеуі, сондай-ақ ядролық және радиациялық авариялық жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың төтенше жағдайлар туындаған кездегі өзара іс-қимылына, сондай-ақ ядролық және радиациялық оқиғаларға ден қою саласындағы практикалық тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында АҚШ-тың практикалық тәжірибесі, оқу-жаттығуларды өткізу тәсілдері және ядролық энергетика объектілеріндегі төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылуда.

17 сентября 2026
Қазақстан мен Грузия ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

2026 жылғы 16 қыркүйекте Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің және Грузияның Ядролық және радиациялық қауіпсіздік агенттігінің өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелерін, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіруді, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруды және озық халықаралық тәжірибені енгізуді талқылады.

Екі елдің реттеуші органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды. Тараптар ақпарат пен тәжірибені тұрақты алмасудың, сараптамалық өзара іс-қимылды нығайтудың және АЭХА-ның халықаралық стандарттары мен ұсынымдарын ескере отырып, ұлттық тәсілдерді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің негізгі қорытындысы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті мен Грузияның Ядролық және радиациялық қауіпсіздік агенттігі арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрі дамытуға, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою болды.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Грузияның атом саласындағы ынтымақтастығын дамытудағы маңызды қадам болды және бірлескен бастамаларды іске асыруға, озық тәжірибелермен алмасуға әрі кәсіби байланыстарды ұзақ мерзімді негізде нығайтуға қосымша мүмкіндіктер береді.

Қазақстан мен Грузия ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына бейілділігін және екі мемлекеттің ұлттық заңнамасы мен халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өзара тиімді ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуға дайын екенін растады.

15 сентября 2026
Қазақстан мен Испания атом энергиясы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас конференциясы аясында 2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің өкілдері Испанияның Ядролық қауіпсіздік кеңесінің президентімен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Испания арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты жолға қою және дамыту болды. Тараптар атом саласының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, одан әрі іс-қимылдың ықтимал бағыттарын талқылады.

Келіссөздер барысында ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу, тәжірибе және сараптамалық білім алмасу, сондай-ақ екі елдің бейінді ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар атом саласының қауіпсіз әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастық пен озық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен Испания өкілдері екіжақты диалогты одан әрі дамытуға және өзара мүдделілік туғызатын бағыттар бойынша ынтымақтастықтың практикалық тетіктерін қарастыруға мүдделі екендерін білдірді.

Кездесу Қазақстан мен Испанияның бейінді ведомстволары арасында жұмыс байланыстарын орнатудағы маңызды қадам болды және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға негіз қалады.

14 сентября 2026
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында республикалық кең ауқымды акция өтті.
2026 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінде Қазақстан азаматтарына құқықтық көмек көрсету мақсатында республикалық кең ауқымды акция өтті.
 
Іс-шара барысында ядролық және радиациялық қауіпсіздік, ядролық физикалық қауіпсіздік, лицензиялау, атом энергиясын пайдалану саласындағы персоналды аттестаттау, сондай-ақ тиісті қызметті жүзеге асыру барысында жеке және заңды тұлғаларда туындайтын практикалық мәселелер бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
 
Әкімшілік рәсімдерге, есептілікке қойылатын талаптарға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, оның ішінде лицензиялау саласында жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
 
Сондай-ақ персоналды аттестаттау және ықтимал қауіпті көздермен жұмыс істейтін мамандарға қойылатын біліктілік талаптары талқыланды.
 
Талқылау барысында радиоактивті қалдықтарды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру, сақтау мерзімдерін белгілеу, сондай-ақ сұйық радиоактивті қалдықтарды басқаруды қоса алғанда, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінді. Медициналық мекемелерде түзілетін радиоактивті қалдықтардың ерекшеліктерін нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және жетілдіру кезінде ескерудің қажеттілігіне жеке назар аударылды.
08 сентября 2026
Алматы қаласында ядролық объектінің физикалық қорғау жүйесін жобалау және конфигурациялау бойынша оқу курсы өткізілді

2026 жылғы 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Ядролық физика институты» РМК-ның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында «Ядролық объектінің физикалық қорғау жүйесін жобалау және конфигурациялау» тақырыбында оқу курсы өткізілді.

Іс-шара «Бірлескен қауіп-қатерді азайту» бағдарламасы шеңберінде АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту агенттігінің және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қатысуымен ұйымдастырылды.

Оқу курсына Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдары мен атом саласының өкілдері, атап айтқанда: Комитеттің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК-ның, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК-ның, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның, «Үлба-ТВС» ЖШС-нің, «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС-нің және «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС-нің мамандары қатысты.

Курстың негізгі мақсаты – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің стандарттарына сәйкес жобалық қауіп-қатерді әзірлеу және физикалық қорғау жүйесін конфигурациялау, ішкі және сыртқы қауіп-қатер мәселелерін, ядролық объектілердің осалдықтарын бағалау үдерісін, сондай-ақ тәуекелдер мен салдарларды бағалау үдерісін зерделеу бойынша мамандардың біліктілігін арттыру.

Курс барысында гипотетикалық ядролық объектіні пайдалана отырып, әртүрлі практикалық жаттығулар өткізілді. Жаттығулар барысында физикалық қорғау жүйесінің сипаттамалары, ену ықтималдығы мен мүмкіндігі, сондай-ақ қауіп-қатер мен тәуекел арасындағы өзара байланыс қарастырылды.

Оқу курсын өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін одан әрі арттыруға және еліміздің ядролық қондырғыларының ядролық физикалық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар теориялық білімдерін жетілдіріп, халықаралық стандарттар бойынша білімдерін кеңейтті, ядролық физикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ тәжірибесімен танысты және оқу курсын аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары