Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының онкологиялық бөлімшесіне жұмыс сапарымен барды

Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының онкологиялық бөлімшесіне жұмыс сапарымен барды

Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Дархан Алиакпаров ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының онкологиялық бөлімшесіне жұмыс сапарымен барды. Сапар заманауи ядролық медициналық технологияларды қолдана отырып, онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу саласындағы өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылауға бағытталған болды.

Сапар барысында комитет төрағасы бөлімшенің жұмыс ұйымдастырылуымен танысып, диагностикалық кабинеттер мен инфрақұрылымды, соның ішінде ядролық медицина технологияларын қолданатын бөлімдерді аралады. ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы мамандандырылған, соның ішінде онкологиялық көмек көрсететін жетекші медициналық мекеме болып табылады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында клиниканың басшылығы, онкологтар және ядролық медицина орталығының мамандары қатысқан кездесулер өтті. Кездесу барысында орталықтың жұмысын таныстырушы презентациялар тыңдалды, қолданылатын радиофармацевтикалық препараттар және олардың қауіпсіз қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар АЭХА (Халықаралық атом энергиясы агенттігі) техникалық ынтымақтастық аясында ядролық медицинаны дамытуға арналған ұлттық жобаға қатысу мәселелерін және болашақ бірлескен бастамаларды қарастырды.

Комитет төрағасы медициналық мекемелерде радиоактивті изотоптарды қолдану кезінде қатаң қауіпсіздік талаптарының сақталуына және пациенттердің заманауи әрі тиімді емдеуге қол жеткізуіне ерекше мән берілетінін атап өтті. Атомдық технологияларды медицинада қауіпсіз қолдануды нығайтуға бағытталған бұл жұмыс комитет үшін аса маңызды болып табылады.