
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Атом энергиясыжөніндегі Халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас директорының орынбасары, Ядролық ғылымдармен қолданбалар департаментінің директоры Наджат Мохтар ханыммен кездесті.
Келіссөздер барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы негізгі мәселелер: ядролық медицинаны дамыту, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті күшейту, заманауи ғылыми-техникалық шешімдерді энергетикаға, агроөнеркәсіптік кешенге, медицина мен өнеркәсіпке енгізу талқыланды. АЭХА-ның Азық-түлік қауіпсіздігі орталығымен ауыл шаруашылығы үшін ядролық технологияларды қолдану және азық-түлік сапасын арттыру саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Мамандарды даярлауға, тәжірибе алмасуға және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын кеңейту мәселесіне де назар аударылды.
«АЭХА-мен ынтымақтастық біз үшін ерекше маңызға ие. Біз техникалық ынтымақтастық, реттеу, кадрлар даярлау және халықаралық қауіпсіздік стандарттарын енгізу саласындағы қолдауыңызды жоғары бағалаймыз. Қазақстан ядролық энергетика мен ғылымнан бастап инновациялық технологиялар мен ядролық медицинаға дейін барлық салада өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге дайын», - деп Агенттік төрағасы атап өтті.