«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;
3) инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясының толық сипаттамасы;
4) жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;
5) көліктік қаптама комплектілерін пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
6) егер көліктік қаптама комплектілерінің 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы;
7) егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;
8) көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, көліктік қаптама комплектілерден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы;
9) көліктік қаптама комплектілерінің құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне;
10) тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді; (тек B (М) типі үшін)
11) көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді; (тек B (М) типі үшін)
12) тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет. (тек B (М) типі үшін)
1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) басқа елдің уәкілетті органы бекіткен көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі;
3) көліктік қаптама комплектілерінің тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы ұсынылады.