Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің талдау, мемлекеттік бақылау және техникалық кооперация басқармасы туралы ереже

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің Талдау, мемлекеттік бақылау және техникалық кооперация басқармасы туралы ереже

1.       Жалпы ережелер

 

  1. Талдау, мемлекеттік бақылау және техникалық кооперация басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ережені, «Агенттіктің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің» мемлекеттік мекемесінің ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымын, штаттық санын Агенттіктің Аппарат басшысы Агенттік Төрағасының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндет: атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
  2. Осы міндетті іске асыру мақсатында Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  • реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
  • құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
  • атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде лицензиялық құжаттарды талдауды жүзеге асырады;
  • рұқсатты бақылауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының Атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
  • атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
  • лицензия шарттарын, радиациялық қауіпсіздік, нормалары мен ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің ынтымақтастықтың Негіздемелік бағдарламасының жобаларын іске асыруды үйлестіру, ресімдеу және техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің өңіраралық және ұлттық жобаларын үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  • техникалық кооперация (жобаларды іске асыру) шеңберінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;
  • Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;
  • Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру жән профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  • атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді;
  • бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажтет болған кезде) көрсете отырып айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шараларын қолданады;
  • құзыреттілігі шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдарын және өзге нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;
  • өз құзыреті шегінде Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, стратегиялық және операциялық жоспарларына ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет Аппаратының актілерінде және Агенттік Төрағасының бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Басқарма өз құзыреті шегінде:

1) Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінен және аумақтық органдарынан өзінің міндеттері мен функцияларын орындауға қажетті құжаттарды, мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;

2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша (өзгерістер мен толықтырулар) ұсыныстарды енгізуге;

3) Комитет Төрағасының келісімімен Комитеттің басқа  құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін және олардың тікелей басшыларын осы тартылатын құрылымдық бөлімше функцияларының шеңберінде Басқарма өткізетін іс-шараларға қатысуға тартуға құқылы.

  1. Басқарма өз құзыреті шегінде:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың жетекшілік ететін мәселелері бойынша бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға;

2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сұрауларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;

3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;

4) құжаттардың жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеуді қамтамасыз етуге;

5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерді ұйымдастыруға және өткізуге;

6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерді пайдалану бойынша түсініктемелер беруге;

7) Агенттік, Комитеттің басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізуге;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілеріне және Агенттік Төрағасының бұйрықтарына сәйкес Басқарма құзыреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

  1. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Басқармаға Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басшылық етеді.
  3. Басқарма басшысы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауаптылықта болады.
  4. Басқарма басшысы Комитеттің басшылығына Басқарманың құрылымы және штаттық саны бойынша ұсыныстарды ұсынады.
  5. Басқарма атынан Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға оның басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің талдау, мемлекеттік бақылау және техникалық кооперация басқармасы туралы ереже
Дата публикации
22 сентября 2025