Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасы туралы ереже

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасы туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгінің
    (бұдан әрі – Агенттік) Атомдық қадағалау және бақылау
    комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Агенттік туралы ережені, Комитет туралы ережені, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттiктiң Аппаратының басшысы Агенттiктiң Төрағасының келісімімен бекітеді.

 

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары және міндеттері

 

  1. Міндет: атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  2. Көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

3) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді қарастырады және келіседі;

4) «Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығының талаптары сақталмаған жағдайда, пайдаланушы ұйымның сақтамау немесе бас тарту себептері, оның мән-жайлары мен салдары туралы, сондай-ақ қолданған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы есебін қарастырады;

5) рұқсатсыз алып қою немесе диверсия жасауға әрекеттенумен немесе нақты рұқсатсыз қол жеткізумен байланысты оқиғалар жағдайында пайдаланушы ұйымның оқиға себептері, оның мән-жайлары мен салдары туралы, сондай-ақ қолданылған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы есебін қарастырады;

6) иондаушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы пайдаланушы ұйымнан ақпарат алады;

7) пайдаланушы ұйым ұсынатын жергілікті жобалық қауіп-қатерді келіседі;

8) ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді;

9) иондаушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді;

10) өз құзыреті шегінде Ұлттық қауіпсіздік, Мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

11) өз құзыреті шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық мониторинг  жүргізеді;

12) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты басшылығының актілері мен тапсырмаларына жауаптардың жобаларын сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;

13) Комитеттің функцияларына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

14)  радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану, радиоактивтi заттарды, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау, ядролық материалдарды пайдалану, ядролық материалдарды сақтау қызмет кіші түрлері бойынша өтініш берушілер мен лицензиаттардың құжаттарының атом энергиясын пайдалану саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

15) атом энергиясын пайдаланатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестіктігін растау әдістері мен тәсілдер жөнінде атом энергиясы пайдалану саласында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;

16) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау нормалары мен қағидаларының сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

17) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес өтініш берушілердің ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аккредиттеуге арналған құжаттарын тексеруді жүзеге асырады;

18) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

          19) ядролық физикалық қауiпсiздiгі саласындағы өз құзыреті шегінде шетелдік мемлекеттік органдардың, дипломатиялық ведомстволардың, және мемлекеттік компаниялардың өкілдерімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша Комитеттің басшылығының ресми кездесулерін ұйымдастырады және өткізеді;

          20) құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Агенттік Стратегиялық және Операциялық жоспарларына ұсыныстар әзірлеуге, іске асыруға қатысады;

21) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

22) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген құзіреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті жүргізеді;

23) Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен, Комитет Төрағасының бұйрықтарымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Басқарма өз құзыреті шегінде:

1) Агенттіктің басқа құрылымдық бөлімшелерінен, аумақтық органдарынан және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қажетті қорытындыларды, анықтамаларды, материалдарды, құжаттар мен өзге де ақпаратты сұрауға және алуға;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3) Комитет Төрағасының және олардың тікелей басшыларының келісімімен Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін осы тартылатын құрылымдық бөлімшелердің функциялары шеңберінде Басқарма өткізетін іс-шараларға қатысу үшін тартуға құқығы бар.

  1. Басқарма өз құзыреті шегінде:

1) актілердің жобаларын және Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты басшылығының тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақытылы дайындауды, сондай-ақ, өзі жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға;

2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сұрауларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруға;

3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;

4) Басқарманың құзыретіне жататын құжаттардың құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеуді қамтамасыз етуге;

5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге;

6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша түсініктемелер беруге міндетті.

 

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет өкілеттікке ие.
  2. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы  басқарады.
  3. Басқарма басшысы басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  4. Басқарма басшысы Комитеттің басшылығына Басқарманың құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
  5. Басқарманың атынан Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға басшы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасы туралы ереже
Дата публикации
22 сентября 2025