Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің
Лицензиялау және персоналдың біліктілігі басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Лицензиялау және персоналдың біліктілігі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және Комитет туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Басқарманың құрылымын, штат санын Агенттіктің Аппарат басшысы Агенттік Төрағасының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
- Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
- Міндет: Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
- Осы міндетті іске асыру мақсатында Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
- реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
- өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
- өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізеді;
- атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізетін комиссияны құрады;
- атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді;
- атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді;
- атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілік талаптарын әзірлейді;
- атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізу үшін тестілеу сұрақтарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
- өз құзыреті шегінде атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерінің мынадай бөлігін жүзеге асырады:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге арналған құжаттардың толықтығын (оның ішінде ұсынылған құжаттардың қолданылу мерзімдері және ұсынылған мәліметтер нысандарында көрсетілген мерзімдер), өтініштің дұрыс толтырылуын және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлеріне лицензиялық алымның төлену дұрыстығын тексеруді;
«Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету» қызмет түрінің «ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау» кіші қызмет түріне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген осы кіші қызмет түріне қойылатын талаптарға өтініш берушілердің сәйкестігіне немесе сәйкессіздігіне қорытынды жасауды;
«Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету» қызмет түрінің «иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау» кіші қызмет түріне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген осы кіші қызмет түріне қойылатын талаптарға өтініш берушілердің сәйкестігіне немесе сәйкессіздігіне қорытынды жасауды;
«Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу» қызмет түріне талаптар бойынша медициналық рентгендік аппараттарға берілетін пайдалану параметрлеріне (сапасына бақылау) жүргізу хаттамаларын қарастыруды (талдау);
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру/қайта ресімдеу немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден уәжді түрде бас тарту туралы шешімді дайындауды;
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес персоналды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
- рұқсатнамалық бақылауды жүзеге асырады;
- атом энергиясын пайдалану саласындағы рұқсаттардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
- рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік жүйесін оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүргізеді;
- рұқсаттар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және қажет болған кезде өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
- «электронды үкімет» веб-порталында Агенттіктің және Комитеттің интернет-ресурсында мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, қазақ және орыс тілдерінде берілген рұқсаттар, рұқсаттарды беру шарттары жөнінде ақпаратты орналастырады;
- мемлекеттік қызметтер және рұқсатнамалар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етеді;
- атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
- радиациялық қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
- атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясын пайдалану объектісінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
- өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- Басқарма құзыреті шегінде Комитет әзірлеген және (немесе) қабылдаған (оның ішінде іске асыруды Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша) нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізеді;
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық актілерін, атом энергиясын пайдалану саласындағы нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды әзірлейді, келіседі және бекітеді;
- құзыреті шегінде Агенттіктің Стратегиялық және Жедел жоспарларына ұсыныстарды, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау, бағалау және бақылау нәтижелері бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Агенттік Төрағасының бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Басқарма өз құзыреті шегінде:
- Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінен және аумақтық органдарынан өзінің міндеттері мен функцияларын орындауға қажетті құжаттарды, мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
- Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін Комитет төрағасының және олардың тікелей басшыларының келісімімен осы тартылатын құрылымдық бөлімше функцияларының шеңберінде Басқарма өткізетін іс-шараларға қатысуға тартуға құқығы бар.
- 7. Басқарма өз құзыреті шегінде:
- Қазақстан Республикасы Президенті, Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың жетекшілік ететін мәселелер бойынша бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сұрауларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
- құжаттардың, құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеуді қамтамасыз етуге;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерді пайдалану бойынша түсініктемелер беруге міндетті;
- Агенттік, Комитеттің басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және Агенттік Төрағасының бұйрықтарына сәйкес Басқарма құзыреті мәселелерінде өзге де міндеттемелерді жүзеге асыруға.
- Басқарманың қызметін ұйымдастыру
- Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.
- Басқарманы Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.
- Басқарма басшысы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Құрылымдық бөлімшенің басшысы Комитеттің басшылығына Басқарманың құрылымы және штат саны бойынша ұсыныстарды ұсынады.
- Басқарманың атынан Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға оның басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.