Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу басқармасы туралы ереже

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің

Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.      Жалпы ережелер

  1. Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу басқармасы (бұдан әрі
    – Басқарма) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ережені, Агенттіктің «Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымын, штаттық санын Агенттіктің Аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

  1. Басқарма міндеттері:

1) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Басқарма:

1) Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінен және аумақтық органдарынан, сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті құжаттарды, мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;

2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге;

3) осы тартылатын құрылымдық бөлімшенің функциялары шеңберінде Комитет Төрағасының және олардың тікелей басшыларының келісімімен Басқарма өткізетін іс-шараларға қатысу үшін Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін тартуға;

4) заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Басқарма:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2) Агенттіктің аппарат басшысы бекіткен кестеде белгіленген мерзімде құқықтық мониторинг жүргізуге, сондай-ақ Заң қызметі департаментіне Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидасының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құқықтық мониторинг жүргізу қорытындыларын ұсынуға;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидасының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылына екі рет (ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін) Заң қызметі департаментіне Басқарма әзірлеушісі болып қабылданған құқықтық актілердің тізбелерін ұсынуға;

4) Басқарма құзыреті шегінде орындалуы міндетті құқықтық актілердің қабылдануын қамтамасыз етуге;

5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қарауға;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына актілер мен жауаптардың жобаларын сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға;

7) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сұрауларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;

8) құжаттардың, құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеуді қамтамасыз етуге;

9) Басқарма құзыретіне кіретін саланың ағымдағы жай-күйі, дамуы бойынша жедел және ағымдағы ақпаратты, талдамалық анықтамаларды олардың сұратуы бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелеріне дайындауға және жіберуге;

10) еңбек және атқарушылық тәртіпті, қызметтік әдеп қағидаларын, мемлекеттік және қызметтік құпияны сақтауға;

11) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 9 және 10-баптары талаптарының іс жүргізуде орындалуын қамтамасыз етуге;

12) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

13) Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілеріне және Агенттіктің актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

  1. Басқарма:
  • Басқарма құзыреті шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету;
  • Басқарма құзыреті шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнаманың құқықтық мониторингін жүзеге асыру, оның қорытындысы бойынша жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді өзгерту немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде ұсыныстар қалыптастыру;
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • Басқарма құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • Басқарманың құзыреті шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
  • белгіленген құзырет шеңберінде атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттер талаптарының сақталуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының аумағында басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ оларға арналған сертификат-рұқсаттардың қолданылуын тарату;
  • атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық және радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
  • ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу;
  • ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;
  • Комитеттің интернет-ресурсында ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін орналастыру;
  • құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
  • ядролық материалдарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келісу;
  • радиоактивті заттарды және (немесе) радиоактивті қалдықтарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келісу;
  • радиациялық қауіпсіздікті бағалауды жүзеге асыру;
  • радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін талдау және бекітуді қамтамасыз ету;
  • атом энергиясын пайдалану саласында нормативті техникалық құжаттарды әзірлеу және келісу;
  • пайдаланушы ұйым белгілеген ықтимал радиациялық қауіптілік санатын және радиациялық объектінің қауіпсіздігін келісу;
  • техникалық регламент талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олардың шығарылған елінде бекітілген талаптарына сәйкес келетін ядролық қондырғылардың конструкциялары, жүйелері және элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін келісу;
  • қауіпсіздікті талдау жөніндегі алдын ала есепті қарастыру нәтижелері бойынша қорытынды беруді қамтамасыз ету;
  • қауіпсіздікті талдау жөніндегі есептің құрамы мен мазмұнын әзірлеу;
  • ядролық қондырғыларды пайдаланудың технологиялық регламентін келісу;
  • техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбырларды қоса алғанда, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне әсер ететін элементтер жүйелерін тіркеуді, сондай-ақ тіркеуден алуды жүзеге асыру;
  • ядролық қондырғыларды пайдалану жобалау құжаттамасын, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын таңдауды негіздейтін материалдарды келісу;
  • ядролық қондырғыны физикалық іске қосу процесінде эксперименттерді жүргізу әдістемесін келісу;
  • ядролық қондырғыны физикалық іске қосу бағдарламасын келісу;
  • ядролық қондырғының әкімшілігі әзірлеген энергетикалық іске қосу бағдарламасын келісу;
  • пайдаланушы ұйым әзірлеген белгіленген нысандағы ядролық қондырғыға паспортты бекітілуін қамтамасыз ету;
  • бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуларды, атом станциясының қауіпсіздігіне әсер ететін құрамның, конструкцияның және (немесе) сипаттамалары мен жүйелерінің өзгерістерін, сондай-ақ техникалық шешімдермен ресімделген атом станциясының жобасында белгіленген пайдалану шектері мен шарттарының өзгерістерін келісу;
  • арнайы қабылдап алуға тиісті жабдық пен құбырларға конструкторлық құжаттаманы (және оған барлық өзгерістерді) келісу;
  • әзірлеуші кәсіпорын белгілеген жабдыққа паспорттың және өзге де куәліктердің нысанын келісу;
  • қолданыстағы жабдық пен құбырларда пайдаланудың технологиялық регламентінде көзделмеген әртүрлі зерттеулер мен эксперименттерді жүргізуді келісу;
  • атом станциясының әкімшілігі бекіткен жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және атом станциясының жүйелерін, жабдығын және құбырларын пайдалану бойынша жұмыс көлемдерін азайтуды келісу;
  • жабдықты және құбырларды жұмыс параметрлеріне шығарумен байланысты іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге және атом станциясының жүйелерін жұмыс параметрлері кезінде пайдалануға рұқсаттар беруді қамтамасыз ету;
  • атом станциялары жабдығының белгіленген жұмыс параметрлерін өзгерту туралы техникалық шешімдерді келісу;
  • отынды және атом станциялары белсенді аймағының компоненттерін сынақтан өткізу бағдарламаларын келісу;
  • ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгілік мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындау;
  • радиациялық қауіпсіздікке және аварияға қарсы жоспарлауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлеу және келісу;
  • ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын әзірлеу;
  • ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;
  • радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлеу;
  • ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлеу;
  • ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
  • ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлеу;
  • ядролық қауіпсіздікке және (немесе) радиациялық қауіпсіздікке және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікке сараптаманы жүргізу қағидаларын әзірлеу;
  • Агенттікке халыққа және (немесе) қоршаған ортаға қауіпсіздік қаупі туындаған жағдайда ядролық қондырғыларды мерзімінен бұрын пайдаланудан шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыныс енгізу;
  • көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін әзірлеу;
  • радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
  • Басқарма құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Агенттіктің Даму жоспарына ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысу;
  • Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың интернет-порталы арқылы Агенттікке келіп түскен мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарау;
  • нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындау, Басқарма құзыреті шегінде мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қарауды жүзеге асыру;
  • құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Агенттіктің мұрағатына сақтауға бергенге дейін жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Басқарма қызметін ұйымдастыру
  2. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыруға қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
  3. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басшылық етеді.
  4. Басқарма басшысы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
  5. Басқарманың басшысы Комитеттің басшылығына Басқарманың құрылымы және штаттық саны бойынша ұсыныстарды ұсынады.
  6. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың атынан Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу басқармасы туралы ереже
Дата публикации
22 сентября 2025