Уран бойынша стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 43-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Уран бойынша стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Агенттіктің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Дата публикации
31 марта 2026