«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 43-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Уран бойынша стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізу қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Агенттіктің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.