Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
(бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Агенттік жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды.

            Қағидалардың 7-тармағына сәйкес мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын электрондық нысанда ұсынады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;

       2) құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;

       3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (2026 жылғы 11 наурыздан бастап 27 наурыз  сағат 18.30-ды қоса алған мерзімде).

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге қатысуға арналған құжаттар мына электрондық поштаға ұсынылады:  n.kushekbayeva@atom.gov.kz 

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:+7 7172 571402.

Дата публикации
11 марта 2026