Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылым және инновациялар департаменті туралы ЕРЕЖЕСІ

1 тарау. Жалпы ережелер

  1. Ғылым және инновациялар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. ДепартаменттіңқұрылымынАгенттіктіңТөрағасы бекітеді, ДепартаменттіңштатсанынАгенттікаппаратыныңбасшысыҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындабелгіленгентәртіппен бекітеді.
  4. Департамент:
  • ғылыми-техникалық жобалар басқармасынан;
  • инновацияларды дамыту басқармасынан тұрады.

2 тарау. Департаменттің міндеттері, құқықтары, міндеттері, функциялары

  1. Департаменттің міндеті:

1) Агенттік реттейтін салаларда ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамытуды қамтамасыз ету;

2) ғылыми инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласында жаңа инновациялық технологиялар мен өндірістерді құруға жәрдемдесу;

3) Агенттік реттейтін салаларда ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

Департамент құқылы:

1) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

2) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге;

3) кадрларға қажеттілікті айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге;

4)заңнамалықактілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, ҚазақстанРеспубликасыныңөзге де нормативтікқұқықтықактілерінесәйкесоныңміндеттеріменфункцияларын іске асыруүшінқажеттіөзге де құқықтардыжүзеге асыруға құқығы бар.

Департамент міндетті:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге міндетті;

2) Агенттік аппаратының басшысы бекіткен кестеде белгіленген мерзімдерде құқықтық мониторинг жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтық мониторинг жүргізу қорытындыларын Заң қызметі департаментіне ұсынуға міндетті;

3) жылына екі рет (ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заң қызметі департаментіне әзірлеушісі Департамент болып табылатын қабылданған нормативтік құқықтық актілердің тізбесін ұсынсын;

4) атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту бөлігінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті;

5) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға міндетті;  

6) Департаменттің құзыретіне кіретін саланың ағымдағы жай-күйі, дамуы бойынша жедел және ағымдағы ақпаратты, талдамалық анықтамаларды олардың сұратуы бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелеріне дайындауға және жіберуге;

7) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

8) құзыреті шегінде тиісті ақпарат пен материалдарды қоса бере отырып, Агенттік төрағасының алдағы Аппараттық кеңесінде қарауды талап ететін мәселелер бойынша ұсыныстарды Стратегиялық жоспарлау департаментіне жіберуге;

9) Агенттіктің Бюджет және қаржы рәсімдері және Заң қызметі департаменттеріне жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша олармен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы ақпарат беруге;

10) еңбек және атқарушылық тәртіпті, қызметтік әдеп қағидаларын, мемлекеттік және қызметтік құпияны сақтауға міндетті;

11) іс жүргізуде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 9 және 10-баптарының талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;

12) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

 7. Функциялар:

1) Агенттікті реттеу саласындағы тиісті салада іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;

2) Агенттіктің Ғылыми-техникалық кеңесін (бұдан әрі – ҒТК) құруды қамтамасыз етеді;

3) ҒТК туралы ережені әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;

4) ҒТК туралы ережеге сәйкес ҒТК қызметін қамтамасыз етеді;

5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады және оларды Агенттіктің реттеу саласындағы тиісті салада іске асыруды жүзеге асырады;

6) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Агенттіктің реттеу саласындағы тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекітуді қамтамасыз етеді;

7) ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын базалық қаржыландыру субъектілері мен ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;

8) ғылымды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысады;

9) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысады;

10) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысады;

11) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен және ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, өткен жылдың қорытындылары бойынша уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;

12) жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын Агенттіктің ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырушылық-әдістемелік үйлестіруді жүзеге асырады;

13) ғылым мен инновация бөлігінде бағдарламалық құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;

14) ғылым мен инновация бөлігінде атом энергиясын пайдалану саласындағы республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлауды және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;

15) Агенттік реттейтін салаларда ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту бөлігінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың («Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК, «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК) қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

16) Абай облысының Курчатов қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген өзге де ғылыми орталықтар мен кластерлердің базасында Ғылым қалашығын құруға қатысады;

17) Департамент құзыреті шегінде ғылым, технология және инновация бөлігінде нормативтік техникалық құжаттарды келіседі;

18) өз құзыреті шегінде Агенттік реттейтін салаларда ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамытуға инвестициялар тарту үшін ұсыныстар әзірлейді;

19) Департамент құзыреті шегінде халықаралық ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысады;

20) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми және инновациялық қызметтің дамуына елдік талдау жүргізеді және үздік тәжірибелерді бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

21) атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту бөлігінде білім беру бағдарламаларының мазмұны бойынша ұсыныстар әзірлейді;

22) Агенттіктің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының басым бағыттары бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық тапсырмаларды әзірлейді, оларды өз құзыреті шегінде әдістемелік сүйемелдеуді және сараптаманы қамтамасыз етеді;

23) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың қабылдануын қамтамасыз етеді;

24) заңнаманың құқықтық мониторингін жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша құзыреті шегінде жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді өзгерту немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;

25) Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік, салалық және стратегиялық бағдарламаларды қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

26) нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды, реттелетін салаларда мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

27) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығының тапсырмаларына актілер мен жауаптардың жобаларын сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;

28) құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламаны мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуге қатысады;

29) Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы Агенттікке келіп түскен мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарайды;

30) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжат айналымын және ақпараттық ағындарды қысқартуды қамтамасыз етеді;

31) құзыреті шегінде Агенттіктің тиімділігін бағалау бағыттары бойынша ақпарат береді, құзыреті шегінде тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты болады;

32) Департаменттің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауды жүзеге асырады;

33) құжаттарды есепке алуды және сақтауды жүзеге асыру, оларды Агенттік мұрағатына сақтауға бергенге дейін олардың жай-күйі мен сақталуын бақылау;

34) құзыреті шегінде Агенттіктің даму жоспарына ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға, дайындауға қатысады;

35) Өз құзыреті шегінде Агенттіктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне, даму жоспарының индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

36) инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларды әзірлейді, олардың бекітілуін қамтамасыз етеді;

37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

  1. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады.
  3. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Департамент директоры Агенттік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат саны,сондай-ақ Департамент қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар береді.

5. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

Дата публикации
27 февраля 2026