Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттарды конкурстық іріктеу жариялайды

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына және ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттарды конкурстық іріктеу жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Құжаттар 2025 жылдың 19 тамызынан 2 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Дата публикации
18 августа 2025