ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) атом саласының кәсіби біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесін (бұдан әрі - Салалық кеңес) құру туралы хабарлайды.
Салалық кеңес атом саласындағы кәсіби біліктіліктер жүйесін дамыту, кәсіби стандарттарды әзірлеу және өзектендіру мәселелерін қарауға қатысу, кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптарды қалыптастыру, сондай-ақ сала үшін кадрлар даярлауды жетілдіру мақсатында құрылады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 «Кәсіби біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Салалық кеңестің құрамына төмендегі әрбір тараптан екі өкілден артық өкілдер енгізілмейді:
Салалық кеңестің құрамына енгізу үшін мүдделі тұлғаларға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Құжаттарды хабарландыру жарияланған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне мына мекенжай бойынша: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 57а, 1606-каб. немесе электрондық мекенжайға: m.akimgaliyeva@atom.gov.kz жолдау қажет, байланыс телефоны +7 7172 57 13 26