Елордада You Fest музыкалық фестивалі өтеді

Елордада You Fest музыкалық фестивалі өтеді

Фестиваль Орталық саябақтың негізгі кіреберісінде (Тұран даңғылы жағынан) өтеді.

Келушілерге брейк-данс, хип-хоп, крамп, хаус, вог, дэнс холл және поппинг сияқты заманауи би түрлерінің жарысы ұсынылады. Бишілердің шеберлігін сағат 10:00-14:00 аралығында тамашалауға болады. Жарыстың нәтижесі бойынша бірінші орын иеленген бишіге «All styles You Fest» үздік биші атағы беріледі.

Мерекелік кеш ашық аспан астындағы концертпен жалғасады. Сахна төрінде Ziruza, Baller, Шоу Ирины Кайратовны, Moldanazar және Ninety One сияқты 40-қа жуық талантты орындаушы өз өнерлерін ортаға салады. Фестиваль сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін өтеді.