Зейнетақы қоры «Ашық есік күнін» өткізеді

Зейнетақы қоры «Ашық есік күнін» өткізеді

«День открытых дверей» пройдет в офисе филиала АО «ЕНПФ» по адресу г.Нур-Султан, ул.Бигельдинова, 12. 

Жиын Бигелдинов қөшесі,12 мекенжайында өтеді. Онда зейнетақы қорының өңірлік бөлімшелерінің мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге сағат 10:00-17:00 аралығында түрлі сұрақтар бойынша жауаптар және ақыл-кеңестер береді.

Сонымен қатар шара барысында келуші азаматтар қордың, тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің жұмысымен танысады. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік салалар бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар және ақыл-кеңестер беріледі.

Жиында мына мекемелердің мамандарымен тілдесуге болады:

- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»; - «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті;

- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменті;

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;

- «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының департаменті;

- Кәсіпкерлер палатасы;

- «Нұр-Отан» партиясының өкілдері.

Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.