Нұр-Сұлтанда «Jas sarbaz – Meiirimdilik biriktiredi» әскери-патриоттық ойындары өтеді

Нұр-Сұлтанда «Jas sarbaz – Meiirimdilik biriktiredi» әскери-патриоттық ойындары өтеді

Жиын онлайн форматта, Microsoft Teams платформасында өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада 16-18 қыркүйек аралығында жалпы орта білім беретін мектептердің үздік «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Jas sarbaz – Meiirimdilik biriktiredi» онлайн күзгі әскери-патриоттық ойындары өтеді. Шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастыруда.

«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасы Асхат Налшыбектің айтуынша, шара барысында нағыз әскери өмірдің қыр-сырлары таныстырылып, патриоттық тәрбие бағытындағы жарыстар ұйымдастырылады. Жиынға елорданың 4 ауданынан үздік 6 команда қатысады.

«Карантин режимін сақтау мақсатында командалар жеке-жеке арнайы әзірленген 6 мектепте, санитария талаптарды сақтай отырып, сынға түседі. Сайысты бақылаушылар яғни төрешілер бас офистен, Ұлттық әскери-патриоттық орталығынан онлайн түрде бақылап отырады. Әрбір сайыс өтетін орында қалалық әкімдік өкілдері, «Жас сарбаз» қозғалысының елордалық филиалы қызметкерлері бақылаушы ретінде жүреді», – дейді Асхат Налшыбек.

Айта кетейік, жиын елордалық «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері үшін күзгі әскери және спорттық шараларының ішіндегі асыға күтетін, үздік «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері анықталатын ерекше платформа.

Жиын онлайн форматта, Microsoft Teams платформасында өтеді.