Астанада қалалық жылумен жабдықтау көздерінің жұмысы қалай қамтамасыз етіледі

Астанада қалалық жылумен жабдықтау көздерінің жұмысы қалай қамтамасыз етіледі

Елордада қаланы жылумен қамту көздерін дамыту бойынша жыл сайын жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Астана Энергетика басқармасы олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қандай шаруалар жүзеге асып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ЖЭО-3 Астананың сол жағалауын және жаңа перспективалы даму аймақтарын жылумен қамтамасыз етеді. Оның өнімділігі сағатына 440 Гкал құрайды. 2023 жылдың қарашасында ЖЭО-3 іске қосылды, бұл көздің толық қуатқа шығуына мүмкіндік берді.

Нысан құрылысын осы жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгінде мұнда 251 адам, 18 арнайы техника жұмыс істейді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде: желдету-климаттық камераларды, желдету қондырғысын монтаждау, бақылау-өткізу пунктін, отын беру желісін салу, таспалы конвейерлерді, автосамосвалдарды орнату, сондай-ақ ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сорғы станциясы мен гидравликалық күл шығарудың сыртқы желілерінде жұмыс жүргізілуде, қоршаулар орнату, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым қондырғыларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Нысан 90 пайызға дайын.

Қазіргі уақытта негізгі даму бағыттарының бірі – қаланың оңтүстік-шығыс бөлігі, сондай-ақ Мыңжылдық аллеясы. Аталған аумақтарды жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік-Шығыс» газ жылыту станциясының құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы аяқталды.

Қазандықтың жалпы өнімділігі – 350 Гкал/сағ. 22 қазандық орнатылған станция көгілдір отынмен жұмыс істейді. Нысанда тұрақты түрде 24 адам жұмыс істейді.

«Оңтүстік-Шығыс» қазандығының іске қосылуы жылу тапшылығы бар және ең қарқынды дамып келе жатқан негізгі аумақтардың бірі – Мыңжылдық аллеясын, «Нұрлы жол» вокзалын және «Бағыстан» тұрғын үй кешенін жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Сығанақ көшесінің оңтүстігі мен Тұран даңғылының батысындағы аумақты абаттандыру жұмысы жедел қарқынмен жүріп жатыр. Қуаттылығы 600 Гкал болатын «Тұран» ЖЭО құрылысының аяқталуы қаланың жылу энергиясына деген қажеттілігін өтейді.

2023 жылы қуаттылығы 350 Гкал/сағат болатын 6 қазандығы бар бірінші кезеңнің құрылысы аяқталды.
Қуаттылығы 250 Гкал/сағ 4 қазандығы бар 2-кезеңді аяқтау 2025 жылдың маусым айына жоспарланған.
Қазір нысанда 51 адам мен 2 бірлік мамандандырылған техника жұмыс жүргізіп жатыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде: 3-ші қазандық тобында металл конструкцияларды сырлау, жылытқыштардың құбырларына оқшаулауды орнату, су тазарту және 3-ші қазандық тобын іске қосу.
Нысан 98 пайызға орындалды.