Елорда тұрғындары Smart Astana қосымшасы арқылы есірткі қылмыстары туралы белсенді түрде хабарлап жатыр

Елорда тұрғындары Smart Astana қосымшасы арқылы есірткі қылмыстары туралы белсенді түрде хабарлап жатыр

Smart Astana қосымшасында «Есірткіге жол жоқ» қызметі жұмысын жалғастыруда. Іске қосылған сәттен бастап мұнда есірткі граффити және тыйым салынған заттардың заңсыз жарнамасы туралы 698 хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2025 жылдың басынан бері осындай 253 өтініш келіп түскен.

Барлық өтінімді қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығы үйлестіреді, ол бұзушылықтарды жою үшін нарядтар жібереді, сондай-ақ құқық бұзушыларды іздеу және анықтау бойынша шаралар қабылдайды.

Осы жылдың басынан бастап елордалық полиция департаменті 317 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, олар бойынша 86 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 58 – өткізу фактілері бойынша, 5-еуі – тыйым салынған заттарды жарнамалау фактілері бойынша.

Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, жерасты өткелдерінің қабырғаларында граффити түрінде есірткі жарнамасы түйткілді проблема болып саналады. Астана полиция департаменті тұрақты даму орталығымен бірлесіп Smart Astana және E-knot қосымшаларында қолжетімді «Есірткіге жол жоқ» ақпараттық сервисін әзірледі.

Бұл тұрғындарға есірткіні заңсыз жарнамалау мен таратумен белсенді күресуге көмектеседі. Бұл қызмет есірткі граффитиі мен бетбелгілер сияқты бұзушылықтар туралы хабарлаудың, сондай-ақ ақпаратты құқық қорғау органдарына жедел жеткізудің қарапайым және тиімді әдісін ұсынады.

Қызметті пайдалану үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. App Store немесе Google Play арқылы Smart Astana қосымшасын орнатыңыз және тіркеуден өтіңіз.
2. Қолданбаның басты бетінде «Танымал» бөлімін таңдаңыз.
3. «Есірткіге жол жоқ» деген шағын бөлімге өтіңіз.
4. Телефон нөмірін, аты-жөнін, мекенжайын (көше және үй нөмірі), өтініш мәтінін көрсете отырып, өтініш нысанын толтырыңыз, сондай-ақ бұзушылықты тіркейтін фотосуреттерді немесе бейнематериалдарды тіркеңіз.
5. Өтініш жіберу — ақпарат дереу қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін Астана қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасына автоматты түрде жіберіледі.

Барлық өтініш жедел өңделеді және әрбір бұзушылық фактісі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Қолданбаны iOS және Android құрылғыларында тегін жүктеп алуға болады.