
Астанада 21 наурыз күні жылдам шахматтан ASTRA TEAM CUP беделді командалық турнирі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен мықты шахматшылар бас қосатын 26 команда қатысады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 14 миллион теңгені құрайды. Әр командада төрт ойыншы болуы керек: үш ер адам және бір әйел адам.
Турнирді «ASTANA» орталық шахмат клубы ұйымдастырды.
Турнир 21 наурыз күні сағат 14:00-де «ASTANA» орталық шахмат клубының бас кеңсесінде (Тараз к-сі, 2) басталады. Іс-шарада салтанатты ашылу, шақырылған әртістердің қойылымдары және сиқыршылар шоуы болады.