
Нұра ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қазақтың салт-дәстүріне арналған үш ұрпақтың кездесуі өтті. Аталар мен әкелер балаларға бата беруді үйретті және оның күнделікті өмірдегі маңыздылығын көрсете отырып, осы батаның түрлері туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара аясында үш бата айтылды: жаңа түскен келінге – босаға аттағаны үшін, балаларға – дастархан алдында су құйғаны үшін және ақ дастархан соңында бата айтылды.
Сондай-ақ, оқушылар жаңа түскен келінді күйеудің ағайын-туыстарының арнайы шақырып, сый көрсету рәсімі «Есік ашармен» танысты.
«Қазақ халқының дәстүрлері көп, олардың әрқайсысы мейірімділік, құрмет пен адамгершілікке баулиды. Бұл білімді жастарға өз тамырларын ұмытпау үшін беру маңызды», - деп атап өтті аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы Айтмағамбет Аипов.
Іс-шара халық әндері мен домбыра әуендерін орындаумен аяқталды.