Елорданың 12 мыңнан астам оқушысы Алғыс айту күніне арналған «Алтын жүрек» челленджін қолдады

Елорданың 12 мыңнан астам оқушысы Алғыс айту күніне арналған «Алтын жүрек» челленджін қолдады

Қазақстанда 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту күніне орай ақпан айының басында «Алтын жүрек» республикалық байқауы басталды. Оған елордадағы 76 мектептен 12 мыңнан астам бала қолдау көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Алғыс күніне орай 3-28 ақпан аралығында «Мектеп/Студенттік Парламент» жобасы аясында республикалық «Алтын жүрек» челленджі басталды.

Оған елордадағы 76 мектептен 12 115 бала қолдау көрсетті. Балалар өз жолдауларында отбасы мен достарына, мұғалімдеріне, мектебіне, қаласына, еліне алғыстарын білдіреді. Әлеуметтік желіде 90-нан астам челлендж сілтемесі жарияланған.

Ізгі тілектер эстафетасын басқа да елорда тұрғындары бір-біріне жолдап жатыр, олардың арасында мәдениет қайраткерлері, спортшылар, жастар және т.б. бар.