
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығында ҮЕҰ өкілдері «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді өз сөзінде Конституцияның рөлін ерекше атап өтті, сонымен қатар ҮЕҰ өкілдеріне алғысын білдірді.
«25 жыл бұрын тарихи оқиға болды - біз Ата Заңымызды қабылдадық. Конституция кез келген мемлекет үшін ең маңызды құжат деп санаймын. Мен бүгін барлығына басшылықтың атынан алғыс айтамын. Сіздерге денсаулық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Біз сіздерді әрдайым қолдаймыз», - деді Талғат Рахманберді.
Мерекелік медальмен марапатталғандар арасында - «Чернобыль» Одағы» ҚБ жетекшісі Қуандық Омаров, «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ төрағасы Мұрат Абдумомынов,«Ардагер» ҚБ төрағасы Баян Ахметжанова,«Қазақстан Кьелдері» қауымдастығы» ҚБ төрағасы Гүлнар Балымбетова, «Ілтипат» ҚБ төрағасы Табия Жанмурзина, «Нұр-Сұлтан қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанат Мәдиева, «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктің төрайымы Қабыкен Закарьянов, «Право» қоғамдық ұйымының төрайымы Ольга Рыл және «Elorda Aqparat» ЖШС «Astana Aqshamy» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков бар.
«Менің жасым 86-да. Осы жылдар ішінде мен көп Конституцияны көрдім. Бірақ қазіргі қолданыстағысы басқа елдердің ең жақсы заңдарын іріктеген. Азаматтар бұл Конституцияны халықтық Конституция ретінде қабылдады. 1 қыркүйекте Президент жолдау жасайды, ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтық қоғамның демократиялануын атап өтетініне сенімдімін. Қолдау мен марапаттаулар үшін, сондай-ақ заңдылық пен тәртіпті сақтау қызметкерлерін атап өткендері үшін әкімдікке көп рахмет», - деді «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қабыкен Закарьянов.