Конституция күніне орай «Nur-Sultan Autocinema Festival» тегін кино көрсетілімдерін ұйымдастырыды

Конституция күніне орай «Nur-Sultan Autocinema Festival» тегін кино көрсетілімдерін ұйымдастырыды

30-31 тамызда Конституция күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында  көшедегі автокинотеатр форматында тегін фильмдер көрсетіледі.

«Nur-Sultan Autocinema Festival» аясында жұмыс істейтін кинотеатрлар Astana Arena стадионының автотұрағында (оған Қабанбай батыр даңғылынан кіруге болады) орналасқан. Осы уақытқа дейін автокинотеатрға 2 мыңнан аса автокөлік немесе 4 мыңнан аса көрермен келген.

Қала тұрғындары мен қонақтары Қазақстан кинематографиясының үздік туындыларын 2 күн бойы тегін көре алады.

Көрсететілетін фильмдердің кестесі:

30 тамыз:

20:30 – «Сіз кімсіз, Ка мырза?» («Кто вы, Господин Ка?»)

22:40 – «Жаужүрек мың бала»

31 тамыз:

20:30 – «16 қыз»

23:00 – «Шал»

Айта кетейік, ұйымдастырушылар қаладағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, тамақ пен суық сусындарды жеткізудің қауіпсіз түрін ұсынады.

Сонымен қатар, автокинотеатрға келушілер санитариялық нормаларды қатаң сақтауы керек. Олар маска тағып, медициналық қолғап қиіп, арақашықтықты сақтауы тиіс.