Армениядан келген 1 387 автокөлік елорда азаматтарына тіркелген, олардың жартысы ғана есепке алынған

Армениядан келген 1 387 автокөлік елорда азаматтарына тіркелген, олардың жартысы ғана есепке алынған

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін мамандандырылған ХҚКО-лар демалыс күндері де жұмыс жасауда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елорда тұрғындарының көлік құжаттарын реттеуге бір аптадан аз уақыт қалды. Көлік 1 қыркүйекке дейін тіркелуі керек.

«Кеден органдарының мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын азаматтарға Армения Республикасынан әкелінген 1 387 автокөлік тіркелген. Оның 628-і елордада уақытша есепке алынған», - деп хабарлады әкімшілік полиция.

Армениядан қазақстандықтарға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жеткізілген көлік осы апта ішінде тіркелуі керек, өйткені оларды уақытша тіркеу келесі айдан бастап аяқталады.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін мамандандырылған ХҚКО-лар демалыс күндері де жұмыс жасауда.

«Бүгінгі таңда біз «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен 2020 жылғы 30-31 тамыз – мереке және демалыс күндері Армения Республикасының көлік құралдарын тіркеуді ұйымдастыру мәселесін қарастырудамыз», – делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, қазіргі уақытта Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін импортталған қайта жабдықтау жүргізілген көлік құралын тіркеу жүргізілуде. Жалпы, елордада 382 автокөлік оң рульден солға ауыстырылып қайта жабдықталып, зертханалық тексеруден өту үшін кезекте тұр.