
Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы қарсаңында «Білім берудің сандық түрленуі» тақырыбында тамыз конференциясы өтуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Қатысушылар атап өткендей, пандемия білім беру жүйесіндегі цифрлы трансформацияға мүмкіндік ашып берді.
Бүгінгі таңда мемлекет бұл бағытта көп жұмыс жасады және кадрлар сапасын арттыру процесі үнемі жүргізіліп келеді.
«Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары пәндердің мазмұнын 50% өзгерте алатыны бәріне белгілі, және бұл жаңа және өзекті тақырыптарды енгізуге жақсы мүмкіндік. IT бағытында студенттерді дайындау оңай емес, себебі ғылым ай сайын өзгеріп, жаңарып тұрады. Мысалы, сіз алты ай бұрын білгеніңізді, бүгін қолдана алмайсыз. Үнемі үйреніп, даму керек. Егер сіз өзіңізді шыңдап отырмасаңыз, сіз көш соңында қалып кетуіңіз мүмкін», - деді Сергей Клименко, Жоғары политехникалық колледждің цифрландыру жөніндегі орынбасары.
Спикердің сөзіне қарағанда, колледж IT саласы үшін мамандар даярлайтын аймақтағы жетекші оқу орны болуды мақсат етеді.
Тапсырманы орындау үшін жақсы материалдық-техникалық база, әлеуметтік серіктестер және мықты инженерлік-оқытушылық құрам бар.
Сонымен қатар, Клименко білім берудің цифрлық дайындығы тек инфрақұрылымның қол жетімділігіне ғана байланысты емес екенін атап өтті. Техникалық жағынан бөлек оқу орнының кадрлары да маңызды. Себебі инновацияларға, жұмысты басқарудың жаңа стиліне бейімделу арқылы білім берудің жаңа үрдісіне өте алады.
«Мұғалім берілетін білім мен дағдыларды үйрететін білім базаларында жылжуға көмектесетін навигаторға айналады. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, ТжКБ-да «сандық» рөлі жаңа және қазіргі заманғы ілгерілеудің шешуші рөліне айналуы керек және қолданыстағы технологияларға қосымша болмауы керек», - деді Клименко.
Тамыз конференциясына қатысушылар елордадағы білім беру саласындағы жаңалықтар, тиімді жобалар, мұғалімдердің біліктілігі мен оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту мен білім беру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды талқылады.