«Шұбары» қосалқы станциясы: электр энергиясы қалпына келтірілді

«Шұбары» қосалқы станциясы: электр энергиясы қалпына келтірілді

«Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды:

2024 жылғы 13 желтоқсанда «Шұбары» қосалқы станциясындағы апатты өшіру салдарынан шектелген нысандарды электрмен қамту толығымен қалпына келтірілді.

Естеріңізге сала кетейік, оқиғаға кабельдік желі қаптамаларының ұрлануынан 10 кВ кабель желісінің зақымдануы себеп болған. Технологиялық бұзушылықтың нәтижесінде 11 тұрғын үй кешені мен екі әкімшілік ғимаратты электрмен жабдықтайтын үш тарату пунктінің жұмысы тоқтатылған.

Зақымдануды жою үшін 8 жедел-көшпелі бригада жұмылдырылды. Қалпына келтіру жұмысы кезінде 5 бірлік көлемінде жалғанған ДГҚ арқылы уақытша электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді.

«Астана-АЭК» АҚ тұрғындарға түсіністік танытып, шыдамдылық көрсеткені үшін алғыс білдіреді.