Нұр-Сұлтан мектептерінде өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізілді

Нұр-Сұлтан мектептерінде өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізілді

300 білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігі қадағаланады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Нұр-Сұлтан мектептерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында елордалық мұғалімдер алдын-алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулар алды. Сабақтар ZOOM қосымшасы арқылы онлайн өткізілді. Олар 60-тан астам білім беру нысанын қамтыды.

«Тамыз айында біздің оқу орындарымыз жаңа оқу жылына қызу дайындық үстінде. Мектептер жыл сайын тексеріліп, елордалық құтқарушылар бұл мәселені ерекше бақылауға алады, өйткені балалардың қауіпсіздігі бірінші орында. Ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені оқу орындарын оқу жылының басталуына дайындауға бағытталған. Бүгінгі таңда 300-ден астам білім беру нысандары тіркелген», – деді елорданың төтенше жағдайлар департаменті.

Оқу орындарына материалдармен әдістемелік көмек тұрақты түрде көрсетіледі. Сонымен бірге алдын-алу жұмыстарын тек әкімшілік персоналмен ғана емес, балалармен де жүргізу қажет, деп атап өтті ТЖД.

«Мұғалімдер, мектеп қызметкерлері және оқушылардың өздері өрт немесе түтін дабылы туындаған жағдайда не істеу керектігін білулері керек. Бұл төтенше жағдайда адам шығынын болдырмау кепілі. Алайда, төтенше жағдайлар туындаған кезде қызметкерлер әрдайым тиісті түрде әрекет ете бермейді. Соңғы уақытта адамдар көп жиналатын нысандарда жағдай өзгеруде. Төтенше жағдай туындаған кезде қызметкерлер әдетте қалай әрекет ету керектігін біледі. Сондықтан қызметкерлерді оқытудың маңызы зор», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінде.

Өкілетті органның мәліметінше, соңғы бес жылда қала мектептеріндегі өрттер 45 пайызға дерлік азайды. ҚР ӘҚбТ 410-бабына сәйкес ұйымдарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға немесе сақтамауға жеке тұлғаларға ескерту жасау немесе 5 АЕК мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 15 АЕК, орта бизнес үшін – 25 АЕК, ірі бизнес субъектілеріне – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.