
Елордада «Астана – есірткісіз қала» акциясы жүзеге асырылып жатыр, оның аясында жастарды салауатты өмір салтына баулиды. №77 мектеп-гимназиясында Есіл ауданының оқушылары арасында волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Турнир барысында алты команда үздік атаққа таласты.
Ұйымдастырушылар турнир бірден бірнеше мақсатты көздегенін атап өтті.
«Біріншіден – волейбол арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, екіншіден – балаларымыздың денсаулығын нығайту, олардың көңіл-күйін көтеру және қатысушылар арасындағы достық қарым-қатынас орнату. Бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар балалар үшін өздерін танытып, спорттық отбасының бір бөлігі болу мүмкіндігі», - деп атап өтті қала әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының нұсқаушысы Азамат Ермекұлы.
Мұндай турнирлер – өскелең ұрпақтың денсаулығына, тәрбиесіне және дамуына қосқан үлесі.