Astana Innovations Challenge аясындағы ұлттық байқауға 40-тан астам стартап қатысады

Astana Innovations Challenge аясындағы ұлттық байқауға 40-тан астам стартап қатысады

Формат - халықаралық менторлармен білім беру сессиялары өткізілетін "инвестицияларға қалай дайын болу керек" буткэмп (How to get investment ready).

40-тан астам қазақстандық стартап іс-шараға тіркелді. Финалға шетелдік және жергілікті сарапшылардан менторлық қолдауға сенім артатын 10 команда шығады, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия (CEE Summit) елдерінің арасында Seedstars өңірлік саммиті байқауының келесі кезеңіне шығуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, байқауда жүлделі орындарға ие болған командалар Seedspace Nur-Sultan алаңында Investment Readiness Program-ға қосыла алады, сондай-ақ өз идеяларын инвесторларға көрсете алады және менторлар мен кәсіпкерлер желісіне кең қол жеткізе алады.

Байқау жеңімпаздары үш айлық Growth Program бағдарламасына түсіп, Seedstars Global Summit аясында жарты миллион АҚШ долларлық бас жүлдесiне күресу мүмкіндігіне ие болады. 

Іс-шара 2 және 3 шілде күндері Сауран көшесі, 46 мекенжайында өтеді.